IT-сөздік құрастыруға атсалысудың үш жолы бар:
- Аудару қажет жаңа термин ұсыну
- Бар терминнің жақсырақ аудармасын ұсыну
- Сөздіктің құрастырылып жатқанын жарнамалау, көмек шақыру
Бір мен екіні пулрекуест арқылы жасаған абзал, бірақ "Issues" арқылы талқылайтын тапсырма ашсаңыз да жетеді. Үшінші көмекті әдетте әлеужелілер (facebook, linkedin, telegram, instagram, tiktok, youtube, whatsapp т.б.) арқылы жасайды.
Пулрекуест, issue ашқан қиын боп көрінсе, гугл үлгіні толтырсаңыз болады.
Терминдерді аударғанда пайдалы болуы мүмкін деген әдебиет, құралдарды "RESOURCES.md" бетінде жазып кеттім.
Маңызды ақпарат, конфликт тудырмау үшін форкіңізді өзгертпей тұрып негізгі репозиторимен синхрондап алыңыз (анықтама). Пулрекуестіңіз бір issue-дің шешімі болса, мөрж жасағанда сол issue өз-өзінен жабылу үшін рекуестіңізді issue-мен байлаңыз (анықтама).
Сөздіктің аударма сапасын, жалпы жұмыс барысын қадағалайтын сарапшылар бар. Сондықтан пулрекуестіңіз тексерістен өтіп қабылданады.
CC-BY 4.0 лицензиясы.